ҚараТау Консалтинг

Біз - жер қойнауын пайдалану, құрлық пен шельфте инженерлік және техникалық қолдау көрсету саласының кәсіпқойлары негізін салған, қарқынды дамып келе жатқан консалтингтік компаниямыз.

Компания Туралы

ҚараТау Консалтинг – бұл жер қойнауын пайдалану, құрлық пен шельфте инженерлік және техникалық қолдау көрсету саласының кәсіпқойлары негізін салған, қарқынды дамып келе жатқан консалтингтік компания. Заманауи материалды-техникалық базасы мен еңбек ресурстарын иемденген отандық тәуелсіз консалтингінің көшбасшысы ретінде, біз болашаққа үнемі ерекше құлшыныспен қарап, өз қызметіміздің көкжиектерін кеңейтудеміз.

Біз кімбіз?

ҚараТау Консалтинг – бұрғылау және ұңғымаларды күрделі жөндеу бойынша 100% қазақстандық консалтингтік компаниясы. Біз көптеген өндіруші компаниялар мен Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға лицензиясы бар компанияларға озық консультациялық қызметтер ғана ұсынып қоймаймыз, сонымен қатар бұрғылау мердігерлеріне де көмек көрсетеміз. Біздің жұмысымыздың нәтижелеріне назар аударыңыз.

Біздің жұмысымыздың принциптері

Экологиялық консалтинг саласындағы жұмыстарды жүзеге асыра отырып, біз қатаң түрде үш қағиданы ұстанамыз. Олар: экологиялық мәселелерді шешудегі жүйелі қадамдар, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді қатаң сақтау және Тапсырыс берушінің барлық мүддесін есепке алу. Дәл осы принциптер мен оған қоса өз ісінің шеберлерінен құралған команда ҚараТау Консалтингке нарықта озық ұстаным иесі атануға мүмкіндік береді.

Біздің Командамыз

Біздің қызметкерлеріміз бен кеңесшілеріміз – мұнай өндірісі мен ғылымның түрлі саласындағы сарапшылар, жер қойнауын пайдалану, экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоғары білікті мамандар. Бізбен байланысқыңыз келе ме? Барлық контактілерді көру үшін (соның ішінде әкімшілік байланыстар бар) Байланыс бетіне кіріңіз.

David Blackmore, General Вirector

Дэвид Блэкмор

Бас директор

Askar Dalbayev, Executive Director

Асқар Далбаев

Атқарушы директор

Meeting new SPE presidents

Сіздің мансабыңыз бізбен бастаңыз

Қосылыңыз! Бос Лауазымдар бар!

Қызметтеріміз

Әр клиентпен жеке тіл табысу, жүйелі сараптама мен кешенді бағалау «ҚараТау Консалтингке» өзін жауапты қызмет көрсетуші ретінде танытуға мүмкіндік берді.

Біздің ұсынысымыз

Біз бүгін сіздерге «Толығымен орындау» жобаларын әзірлеуге өз көмегімізді ұсынуға дайынбыз. Барлық жұмыстар Тапсырыс беруші мүдделері мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын толықтай есепке ала отырып орындалады.

Табыстың кепілі

Егер сіздер өз стандарттарыңызды арттырып, осы салада алдыңғы қатарда болғыңыз келсе, онда біздің тәжірибесі мол, ұлттық және жергілікті ережелерді жақсы білетін жоғары білікті командамыз көмек көрсетуге дайын. Біз сіздер көздеген мақсатқа жетуге және өз ісіңізді оңтайландыруға атсалыса аламыз!